«Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.02.2024, 15:00
  • 27.02.2024, 17:00

Тәжиев Ислам 27.02.2024, 15:21, Сұрақ нөмірі: 12757

  • 0

Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметтен босатылған соң, қайта мемлекеттік қызметке тестілеусіз орналасуға боладыма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.February.2024, 15:25

Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабының 8-тармағына сәйкес, теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы. Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды. Бұл ретте ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.