«Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.02.2024, 15:00
  • 27.02.2024, 17:00

Жұмалиев Арсен 27.02.2024, 15:28, Сұрақ нөмірі: 12758

  • 0

Сәлеметсіздерме! Қай кезде мемлекеттік қызметшіні бірден жұмыстан шығарып жіберуге,яғни жұмыстан босату деген тәртіптік жазаны бірден қолдануға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.February.2024, 15:34

Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 43-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару барысында өрескел заң бұзушылықтардың белгілері анықталған жағдайда қызметтен босатуға құқылы лауазымды тұлға заңнамалық актілерді көзделген талаптарды сақтай отырып және тиісті зерделеу жұмыстарының нәтижесімен расталған өрескел заң бұзушылықтар бойынша атқаратын қызметінен босатуға құқылы екендігі назарыңызға ұсынылады.