«Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.02.2024, 15:00
  • 27.02.2024, 17:00

Ақбергенов Ерсін 27.02.2024, 16:28, Сұрақ нөмірі: 12759

  • 0

Қайырлы күн! Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен салынған тәртіптік жаза кіммен алынады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.February.2024, 16:29

Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Президентінің 29.12.2015 жылғы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» №152 Жарлығымен бекітілген қағида (бұдан әрі-Қағида) негізінде жүргізіледі. Бұл ретте, Қағиданың 84 тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Ұлттық комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі комиссияның, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе Комиссияның ұсынымы бойынша қолданылған тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алуды оны қолданған уәкілетті адам тиісінше Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе Комиссияның келiсiмiмен жүргiзедi. Сайланбалы орган тағайындайтын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алу туралы шешімді осы сайланбалы орган қабылдайды.