«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.02.2024, 15:00
- 28.02.2024, 17:00
Тәжиев Ислам 28.02.2024, 15:31, Сұрақ нөмірі: 12760
Сәлеметсіз бе?
Қазіргі кезде жұмыссызбын тұрғылықты жерім бойынша ауданда мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғым келеді, ол үшін қандай тест тапсыруым керек ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.February.2024, 15:39
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Аудандық деңгейде мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу үшін сізге, Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тесттен өту қажет. Үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), 2."Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" (15 сұрақ), 3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), 4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ) 6. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (15 сұрақ) 7.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер. Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрауы қажет. Келесі кезең, уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалаудан өту қажет. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: Стресске орнықтылық ,бастамашылдық,жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% төмен болмауы тиіс. Тестілеу қорытындыларына сәйкес тиісті балдарды жинап тесттен өткен жағдайда конкурсқа қатысуға мүмкіндігіңіз болады.