«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.02.2024, 15:00
- 28.02.2024, 17:00
Ғилым Асқар 28.02.2024, 15:41, Сұрақ нөмірі: 12761
Саламатсыз ба!
Жеке кәсіпкермін, мемлекеттік қызметке орналасқым келеді.
Егерде мемлекеттік қызметке орналасқан жағдайда жеке кәсібімді жабу міндетті ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.February.2024, 15:50
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. ҚР «Мемлкеттік қызмет туралы» заңының 13-бабының 3)-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметте болуға байланысты келесі шектеуді қабылдайды: кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқылы емес. Бұл ретте, мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында заңнамада белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынатындығы көзделген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар екендігін назарыңызға ұсынамыз.