Өңірлік кадр резерві және мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Өңірлік кадр резерві және мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 28.02.2024, 15:00
- 28.02.2024, 18:00
Құдайберген Айкерім 28.02.2024, 15:46, Сұрақ нөмірі: 12763
Өңірлік кадр резервіне қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.February.2024, 15:49
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет. Өңірлік кадр резервіне тіркеу кезінде кандидаттар келесі құжаттарды жүктейді: 1) Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесі; 2) осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 3) бiлiмi туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшiрмелерi. Шетелдік білім беру ұйымдарында алынған құжаттардың көшірмелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен осы құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес), соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік резервке кандидаттың толтырылған қызметтік тізімі; Құжаттарды тапсыру сәтінде жұмыссыз болып табылатын кандидаттар соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) үміткердің өтініш берген кездегі жасына сәйкес келетін және бет әлпеті бейтарап ашық фонда толық бетке қатаң орындалған түрлі-түсті фотосуретін ұсынады. Бұл жағдайда адам фотосуретінің жалпы аумағының шамамен 75% алуы керек.