«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.02.2024, 15:00
- 28.02.2024, 17:00
Жұмалиев Арсен 28.02.2024, 16:05, Сұрақ нөмірі: 12764
Мемлекеттік қызметке алғаш кірген азаматпын, жұмыс істеп жатырғаныма 5 ай уақыт болды, басқа өңірде тағылымдамадан өте аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.February.2024, 16:08
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Агенттік төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы қағиданың 4-тармағына сәйкес, тағылымдамаға мемлекеттік қызмет өтілі 6 (алты) айдан кем қызметшілер жіберілмейтіні көзделген. Осы ретте, сіздің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліңіз 6 айды құраған жағдайда, тағылымдамадан өтуге мемлекеттік орган басшысы келсімімен тағылымдама жоспарына сәйкес өте алатындығыңызды қаперіңізге береміз.