Жетісу облысының білім басқармасы
Білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу ережелері
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.03.2024, 10:00
- 11.03.2024, 15:00
Тлеубай Диас 11.03.2024, 11:12, Сұрақ нөмірі: 12772
Бос орындарға орналасу үшін өткізілетін конкурстың ашықтығы қамтамасыз етіледі ма?
Жетісу облысы 11.March.2024, 11:55
Білім беру мекемесіне жұмысқа орналасу үшін конкурс өткізудің өзі жұмысқа орналасу кезінде ашықтықты және сыбайлас жемқорлықтың болдырмауын қамтамасыз етеді. Яғни, бос орын туралы ақпарат барлық ақпараттық жүйелерде және әлеуметтік желілерде жарияланады, конкурсқа кез келген тұлға, егер біліктілік талаптарға сәйкес келіп тұрса, қатыса алады. Сонымен қатар, жұмысқа қабылдау туралы шешімді алқалы орган болып табылатын конкурстық комиссия шығарады. Комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері кіргізіледі. Бұл мүдделер қақтығыстарының болдырмауын қамтамасыз етеді. Комиссия отырыстары кезінде аудио-бейне жазбалар жүргізіледі. Конкурсқа қатысушы кандидатқа өзіне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімімен танысуына болады.