Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 11.03.2024, 09:00
- 12.03.2024, 18:00
Бұланбаев Бауыржан 11.03.2024, 16:36, Сұрақ нөмірі: 12775
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қандай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады? және қай сала мамандары оны ала алады?
Абай облысы 12.March.2024, 17:59
Қайырлы кеш Бұланбаев Бауыржан! ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы № 72 бұйрығы сәйкес ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады.