Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 11.03.2024, 09:00
- 12.03.2024, 18:00
Ибраимов Дастан 11.03.2024, 16:57, Сұрақ нөмірі: 12776
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит қанша көлемінде беріледі?
Абай облысы 12.March.2024, 17:59
Қайырлы кеш Ибраимов Дастан! Көтерме жәрдемақы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш көлемінде және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит аудан орталығына 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін, басқа ауылдық елді мекендерге 2000 (екі мың) айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін беріледі.