Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 11.03.2024, 09:00
- 12.03.2024, 18:00
Зейнуллаев Жақсылық 11.03.2024, 17:04, Сұрақ нөмірі: 12777
Бұл әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшін мамандар қандай құжаттар өткізеді?
Абай облысы 12.March.2024, 17:58
Қайырлы кеш Зейнуллаев Жақсылық! Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады: l) көтерме жәрдемақы алған кезде: - өтініш; - жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; 2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: - өтiнiш; - жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; - неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - Кредиттік бюродан есеп; 3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: - өтiнiш; - жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; - неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - Кредиттік бюродан есеп.