Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 11.03.2024, 09:00
- 12.03.2024, 18:00
Назарбек Медет 11.03.2024, 17:15, Сұрақ нөмірі: 12778
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен тұрғын үйді жақын туыстарымнан сатып ала аламын ба?
Абай облысы 12.March.2024, 17:56
Қайырлы кеш Назарбек Медет! Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.