«2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы»

«2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 12.03.2024, 10:00
  • 12.03.2024, 17:00

Сәйді Назерке 12.03.2024, 10:05, Сұрақ нөмірі: 12780

  • 0

Сәлеметсізбе! Көпқабатты үйлердегі жылудың әртүрлі болуының себебі неде?

Қызылорда облысы 12.March.2024, 10:32

Сәлеметсіз бе! Бүгінгі күні қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне 781 көпқабатты тұрғын үй жылу энергиясымен қамтамасыз етілуде. Қала тұрғын үйлеріне қазіргі кезде Жылуэлектрортылығы (ТЭЦ), оңтүстік қазандық және 20 автономдық қазандықтар арқылы жылу энергиясы жеткізілуде. Жалпы ЖЭО-ғы арқылы 370 үй, оңтүстік қазандық арқылы 211 үй, автономдық қазандықтар арқылы 200 үйге жылу берілуде. Барлық жылуэнергия көздеріндегі параметрлер сыртқы ауа температурасына сай бекітілген кестеге сәйкес ұсталуда. Ал кейбір тұрғын үйлердің жылу энергиясының әртүрлі болуы бұл ескі үйлерде байқалуда яғни тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйесінің тозуы, үйдің терезе, есік қапталуы (термомодернизация) жұмыстарынан жасалмауынан болып отыр.