«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту»

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ш.А.Сұлтанхан жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 11.03.2024, 09:00
  • 13.03.2024, 18:30

Жузенова Гулнара 12.03.2024, 10:52, Сұрақ нөмірі: 12782

  • 0

Қайырлы күн! Қызметтiк тергеп-тексерулер қандай жағдайда тоқтатыла тұрады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.March.2024, 15:44

Сәлеметсізбе Жузенова Гулнара, 1) мемлекеттiк әкімшілік қызметшi еңбекке уақытша жарамсыз болған; 2) мемлекеттік әкімшілік қызметші демалыста немесе iссапарда болған; 3) мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындаған уақытта оны өз лауазымдық міндеттерін орындаудан босатқан; 4) мемлекеттік әкімшілік қызметші даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болған; 5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне ол сот тәртібімен шағым жасаған кезеңде, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген төтенше жағдай ретінде түсінілетін еңсерілмейтін күш әсер еткен; 7) қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпарат беру туралы сұрау салу мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де субъектілерге жіберілген кезеңде тоқтатыла тұрады. Қызметтiк тергеп-тексеру уәкілетті адамның шешімімен тоқтатыла тұрады және қайта жалғастырылады. («Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы)