«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ш.А.Сұлтанхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 11.03.2024, 09:00
- 13.03.2024, 18:30
Бекетова Лаура 12.03.2024, 10:55, Сұрақ нөмірі: 12783
Cәлеметсіздер ме!
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттарды тапсырады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.March.2024, 15:44
Сәлеметсізбе Бекетова Лаура, жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады: 1) Өтініш; 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады. («Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы)