«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту»

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ш.А.Сұлтанхан жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 11.03.2024, 09:00
  • 13.03.2024, 18:30

Алекешева Зарина 12.03.2024, 10:57, Сұрақ нөмірі: 12784

  • 0

Қайырлы күн! Комиссия мүшелерінің жалпы саны қанша болу тиіс?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.March.2024, 15:43

Сәлеметсізбе Алекешева Зарина, комиссия уәкілетті адамның актісімен қалыптастырылады және мемлекеттiк органның жұмыскерлері қатарынан құрылатын Комиссияның төрағасынан, мүшелерінен тұрады. Сондай-ақ, төрағаны қоса алғанда, тақ санды құрауға және Комиссия құрамы мемлекеттік органның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен тұруға тиіс. («Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы)