«2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы»
«2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 12.03.2024, 10:00
- 12.03.2024, 17:00
Батырбек Үміт 12.03.2024, 11:27, Сұрақ нөмірі: 12785
Сәлеметсіз бе! Мен Шұғыла мөлтек ауданы тұрғынымын. Қазіргі уақытта аталған үй жылуға пәтеріміздің квадратурасына сәйкес төлеудеміз және бұл жылу счетчигіне қарағанда қымбат. Жылу счетчигін үйімізге орнату үшін не жасауымыз қажет және қайда барамыз?
Қызылорда облысы 12.March.2024, 11:39
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану» қағидасының 5-тарау, 25-тармағына сәйкес жалпы үйлік жылу энергиясын есептегіш құралын кезеңдік мемлекеттік метрологиялық тексеруден өткізу және өткізілгендігін растайтын сараптамалық ұйымның қорытындысы болған жағдайда және жалпы үйлік жылу энергиясын есептегіш құралы ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының (бұдан әрі-Заң) 2-бабының 14-тармағына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіболғандықтан аталған көпқабатты үй тұрғындары тарапынан Кәсіпорынға жазбаша түрде тұрғындардың 3/2бөлігі келісімі бар жазбаша түрде (ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 47 бабы, 8 тармағы) өтініш берілген жағдайда жалпы үйлік жылу энергиясын есептеуіш құралы коммерциялық есепке қабылданатындығын хабарлайды.