«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Қарымсақов жауап береді.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 12.03.2024, 10:00
- 14.03.2024, 18:00
Бердеш Назерке 14.03.2024, 13:37, Сұрақ нөмірі: 12800
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын бұзып, өзін дөрекі көрсеткен жағдайда қайда шағымдануға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.March.2024, 14:36
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметші тарапынан Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормалары бұзылған жағдайда, Сіз мемлекеттік органның басшысына, Әдеп жөніндегі уәкілге, жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне өтініш бере аласыз. Сонымен қатар, азаматтардың арыздары мен шағымдарын қабылдау үшін Департаментте 8 (7182) 20-85-06 сенім телефоны жұмыс жасауда.