«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Қарымсақов жауап береді.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 12.03.2024, 10:00
- 14.03.2024, 18:00
Бокенбай Айгерім 14.03.2024, 13:56, Сұрақ нөмірі: 12801
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметші жұмыс уақыты аяқталған соң отбасымен, жолдастарымен кафеге не ресторанға барып отырыс жасауы әдеп нормаларын бұзу болып есептелінеді ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.March.2024, 14:38
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметші тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңда және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілген талаптар сақталған жағдайда әдеп нормаларын бұзу болып есептелінбейді.