Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Н. Бақтаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 15.03.2024, 09:00
  • 15.03.2024, 18:00

Кубенов Болат 15.03.2024, 09:49, Сұрақ нөмірі: 12805

  • 0

Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету,мемлекеттік меншікті тек нысаналы мақсаты бойынша,лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану қажет деп жазылған, Осы жайлы жалпақ тілмен айтсаңыз және қызметтік машиналарды жұмыстан кейін қолдану ол мемлекеттік меншікті нысаналы мақсатта пайдаланбау болып саналама

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.March.2024, 10:56

Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті. Оларға басқаруға берілген мемлекеттік меншіктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін жауапкершілік жүктеледі. Олар мемлекеттік меншікті жоғалтудан, бөлінуден немесе жойылудан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға, мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету үшін пайдаланбауға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындау үшін оларға сеніп тапсырылған активтердің сақталуын және материалдық- техникалық ресурстардың ұқыпты қарауын қамтамасыз етуге ұмтылуға, сондай-ақ тиімділік пен үнемдеу қағидаттарына сәйкес сенімді ресурстарды барынша ұтымды пайдалануды және тек қызметтік мақсаттарда ғана қамтамасыз етуге тиіс. Бұдан бөлек,Осы бағыт бойынша Басқарма қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерді нысаналы мақсатта пайдалануын сақтамау бойынша әлеуметтік желілердегі жағымсыз басылымдар бойынша тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аталған бағыттағы жағымсыз жарияланым анықталған жағдайда Департаментпен аталған қызметтік автокөлікті қандай себептермен қызметтен тыс уақытта пайдаланудың себеп-салдарын анықтау және тиісті тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту шараларын ұйымдастыру жайлы хаттары жолданады.