Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 15.03.2024, 10:00
- 15.03.2024, 15:00
Қонысбай Нұрлат 15.03.2024, 10:44, Сұрақ нөмірі: 12809
Қайырлы күн. Ұялы телефоныма түсіріліп алынған бейнематериалдар мен аудио материалдар мемлекеттік қызметші тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың дәлелі бола ала ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.March.2024, 10:49
Қайырлы күн. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңесінің жұмыс регламентіне сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қозғау үшін: жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының сақталуына тексеру нәтижелері, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік қызметшілердің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар, Хатшылық қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша қызметтік жазбалары және өзге де материалдар жатады. Материалдар жазбаша да, өзге де нысанда тіркелген мәліметтерді, оның ішінде бейне материалдарды қамтуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша сіз құқықтық баға беру үшін біздің департаментке жүгінуге құқығыңыз бар.