Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы
«Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Н. Бақтаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 15.03.2024, 09:00
- 15.03.2024, 18:00
Ушуров Курванжан 15.03.2024, 15:30, Сұрақ нөмірі: 12811
Егерде шұғыл тапсырмалар болған жағдайда жұмыс уақытынан тыс орындау үшін қандай құжаттар қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.March.2024, 15:35
Егер Сіз бір шұғыл тапсырмаларды орындау мақсатында үстеме жұмыс атқаратын болсаңыз, Заң нормаларына сәйкес, оған бір күнтүзбелік демалыс немесе ақшалай қаражат беріліу тиіс. Әрине үстеме жұмысқа тартылатын жағдай болса мекеменің басшысы тарапынан үстеме жұмысқа тарту бойынша бұйрық шығуы тиіс және Сіздің жазбаша келісіміңіз қажет.