Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тартылған уақытындағы құқықтары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тартылған уақытындағы құқықтары бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 20.03.2024, 15:00
- 20.03.2024, 18:00
Каттабекова Нагима 20.03.2024, 16:11, Сұрақ нөмірі: 12813
Саламатсызба, мемлекеттік қызметшінің үстеме жұмысқа тартылғаны анықталса кімге қандай шаралар қолданылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2024, 16:19
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілген. Аталған Қағиданың талаптарына сәйкес үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан тыс) орындайтын жұмыс; Осы ретте, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 77-бабының 1-тармағына сәйкес осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Сонымен қатар, Кодекстің үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. Бұл ретте, үстеме жұмыс тарту кезінде заңнама талаптары сақталмаса Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады.