Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.03.2024, 15:00
  • 27.03.2024, 18:00

Сагимбеков Асхат 27.03.2024, 16:13, Сұрақ нөмірі: 12817

  • 0

Қайырлы күн, мынандай сұрағым бар еді. Университетте оқитын студент баламды оқу бітіргенге дейін әскер қатарына шақырылуын кейінге қалдырғым келеді, ол үшін қайда жүгінуге болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.March.2024, 16:23

Сәлеметсіз бе, «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашасы № 605 бұйрығына 1-қосымша) 2-қосымшасының 8-тармағына сәйкес оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті және білім беру ұйымынан оқып жатқанын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесін ұсына отырып аталған қосымшаның 2-тармағына сәйкес «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға болады.