Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.03.2024, 15:00
  • 27.03.2024, 18:00

Нұрлан Ақерке 27.03.2024, 16:38, Сұрақ нөмірі: 12819

  • 0

Қайырлы күн, інім биыл бірінші сыныпқа барушы еді. Құжаттар қай уақыт аралығында қабылданады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.March.2024, 16:44

Сәлеметсіз бе, Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген) 9-2 тармағына сәйкес Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.