Жетісу облысының ветеринария басқармасы

"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру"

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 4
  • 28.03.2024, 10:00
  • 28.03.2024, 15:00

Ибраев Нурлан 28.03.2024, 11:46, Сұрақ нөмірі: 12821

  • 0

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

Жетісу облысы 28.March.2024, 11:54

"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2 кіші түрге бөлінеді: 1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті) ; 2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған, қызметті алу үшін мемлекеттік кірістер департаментіне лицензиялық алымды төлеу қажет 6 АЕК (3692*6= 22152 теңге), "Е-лицензия" сайтында «жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия» кіші турі тандап, өтінім беру. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында қызметті алу ережелері толығырақ сипатталған.