Азаматтардың және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру мәселесі

«Азаматтардың және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру мәселесі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ә.Измуханов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 29.03.2024, 15:00
  • 29.03.2024, 17:00

Алекешева Зарина 29.03.2024, 16:06, Сұрақ нөмірі: 12824

  • 0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСТЫ 2023 ЖЫЛЫ ҚАНША ЖӘНЕ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР АНЫҚТАЛДЫ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.March.2024, 16:20

2023 жылы мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына Департаментпен мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізу барысында 17 мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс мезгілде жұмыс орнында болғандығы анықталды. Нәтижесінде, 17 мемлекеттік қызметшіге тынығу уақыты беріле отырып, Департамент ықпалымен құқықтары қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, Департаментпен тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына қатысты жүргізілген талдау жұмыстары бойынша мемлекеттік қызметшілерге тиісті соммаларын кешіктіріліп төленгені және төленбеген іссапар шығындары белгіленген мөлшерден асқаны анықталып, мағыналас деректерді болдырмауға бағытталған шараларды қабылдау арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді.