Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 0
- 25.03.2024, 09:00
- 29.03.2024, 18:00
БАИСОВА АЙНАГҮЛ 29.03.2024, 16:41, Сұрақ нөмірі: 12825
ответ
Барбастау-Ақжайық-Индер облыстық маңызы бар автомобилшь жолы
Автожолдың ұзындығы 307 км құрайды, оның ішінде: асфальтбетон жабыны бар – 86 км; қиыршық тас-қиыршық тас жабыны бар - 221 км.
Облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер» автомобиль жолының 0-108 км күтіп – ұстау бойынша мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, нәтижесі 8 сәуірде шығады. Облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер» автомобиль жолының 108-307 км күтіп – ұстау «Шамшын» ЖШС жүргізуде. Мердігер мекемеге тиісті жұмыстар жүргізуге ұйғарым берілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілетін болады.
Барбастау-Ақжайық-Индер автожолын қайта жаңарту өзеннің оң жағалауында орналасқан «Атырау-Орал» Республикалық жолын осы жолға балама ретінде айтарлықтай түсіруге мүмкіндік береді. Алайда, 86-307 км учаскесінде асфальттың болмауына байланысты қауіпсіз және үздіксіз көлік қатынасы қамтамасыз етілмейді. Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер автомобиль жолынын 43-93км реконструкциялау» бойынша мердігер «Юнисерв» ЖШС компаниясы, техникалық қадағалауды «Құрылысмаркетинг» ЖШС және авторлық қадағалау «Diamond Project LTD» ЖШС компаниясы ұсынады. Аталмыш жобада бойынша 2024 жылға дейін 50 км-дің 43 км салынды, 2024 жылы қалған 7 км-нің толықтай аяқтау жоспарда.
Сонымен қатар ағымдағы жылы облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер» автомобиль жолының 93-145 км дейін күрделі жөндеу жүргізіледі. Жыл жоспарына сай бөлінген қаражатқа 10 км автомобиль жолын салу жоспарда.