Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 29.03.2024, 17:00
- 29.03.2024, 18:30
Ли Лариса 29.03.2024, 17:27, Сұрақ нөмірі: 12826
Саламатсыздарма! Менің 25 соттық жер учаскем бар еді. Соны мен екіге бөлейін деген едім. Сол бөлу үшін не істеуім керек ? гос акт қайтадан жасау керек или қалай соны түсіндіріп берсеңіз ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.March.2024, 18:16
Сәлеметсізбе? Жер учаскесін екіге бөлу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер" қағидасының 15 қосымшаға сәйкес, Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде жүгіну қажет. Бұл ретте, қызмет беруші Сізге мемлекеттік қызмет нәтижесін күнтізбелік 15 (он бес) күнде жауап беруге міндетті.