«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және оны бақылау бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 11.04.2024, 10:00
- 11.04.2024, 17:00
Икежанов Артыкбай 11.04.2024, 16:55, Сұрақ нөмірі: 12836
Қызметті алушылар көрсетілген қызмет сапасына қанағаттанбаған жағдайда қайда және қалай шағымдануға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.April.2024, 18:39
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызмет көрсетуден қанағаттанбаған жағдайда немесе негізсіз бас тартқан және сіздің заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 8А мекенжайы бойынша немесе 8(7262)438808 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз. Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.