Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 12.04.2024, 09:00
  • 12.04.2024, 13:00

Жанбосынов Ержан 12.04.2024, Сұрақ нөмірі: 12838

  • 0

Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін қандай құжаттар керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.04.2024

Қайырлы күн! Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген) 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар: 1. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: 1) тізбенің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3)еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса); 4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса). Жеке куәліктен және "Еңбек нарығы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. 2. "Электрондық еңбек биржасы" порталы немесе мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын толтырады.