Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 17:00
Булебаев Ербол 19.04.2024, 10:55, Сұрақ нөмірі: 12846
Аэропорт немесе вокзалға шығу, кіру кезінде цифрлық құжаттарды пайдалануға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 11:56
Иә болады. Бүгінгі күні Пайдаланушы қосымшада өзінің жеке цифрлық құжаттарына құрылған QR немесе қысқа код арқылы қолжетімділікті ұсына алады, бұл қызметке қосылған басқа ақпараттық жүйелерге өзінің бағдарламалық қамтылымда цифрлық құжаттың көшірмесін ашуға және қызмет көрсету үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған нормалар Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 7 қаңтарындағы «Электронды құжат және электронды сандық қол қою» туралы Заңымен реттелген.