Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 17:00
Әбдіразақ Шыңғыс 19.04.2024, 10:56, Сұрақ нөмірі: 12847
Қайырлы күн! Порталдан алынған зейнеткерлік қордан көшірмені кейбір халық банкте қабылдамайды. Сол қаншалықты заңды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 11:56
«Электрондық үкімет» порталынан алынған анықтамалар заңды күшіне ие. Электрондық анықтамалардың заңдылығы бір топ Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген : «Ақпараттандыру туралы», «Электрондық цифрлық қолтаңба туралы», сондай-ақ «Электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы. Дәл осы заңдарда «электрондық анықтама» түсінігі ашылған және «электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электронды құжаттар заңды күші бойынша мемлекеттік органның мөрі бар дәне қол қойылған қағаз тасымалдағыштағы құжаттарға тең. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктермен е-құжаттарды тексеру және қабылдау бойынша нұсқаулықтар бекітілген, оған сәйкес банк қызметкері анықтаманың бірегей нөмірі және алушының деректеріне сәйкес үнемі клиент ұсынған электрондық құжаттың порталда берілген, берілмегенін тексере алады. Егер сіз е-анықтама алудан бас тартқан банк қызметкерінің тарапынан түсінбеушілікпен кезіксеңіз, осындай айғақтар туралы 1414 Тәулік бойы қолдау қызметіне хабарлауды сұраймыз.