Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 17:00
Райымбек Әділет 19.04.2024, 11:13, Сұрақ нөмірі: 12850
Саламатсызба! Папамның атынан үй туралы анықтамаларды қалай алуға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 11:54
Қазіргі таңда Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге аталған сервиспен келесі анықтамаларды алуға болады: Тұрғылықты жерінен мекен-жай мәліметтерін беру; Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама беру; Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру; Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы анықтама беру; Сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы анықтама беру; Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама беру; Наркологиялық ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама; Психоневрологиялық ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама; Туберкулезге қарсы ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама; Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру; Жеке тұлғаның салық міндеттемелерін орындау жөніндегі бюжетпен есептесу жағдайы туралы жеке есеп-шоттан үзінділерді беру; Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру; Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған ақша бөлу сомалары жарналар туралы ақпарат беру; Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша; Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру; "Болашак" халықаралық стипендиясы иегерінің беделі туралы анықтама беру; Жылжымайтын мүлікке құқықтың тіркелгені және тоқтатылғаны ЖТ анықтама алу; Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру; Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын анықтау бойынша анықтама беру.