Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

Жасұланов Асылхан 19.04.2024, Сұрақ нөмірі: 12854

  • 0

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметтерді алу кезінде цифрлық құжаттарды арқылы қызмет алуға бола ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:58

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы (Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы.) 6-бап, 4-тармақ Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және берілетін жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей.