Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі
«Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Ә.Әлімхан жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 14
- Жауаптар: 14
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 18:00
Тапалова Нурлыгул 19.04.2024, Сұрақ нөмірі: 12855
Сәлеметсіз бе! Мен заңдар бойынша тестен өтіп, жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтпей қалдым. Енді не істесем болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.04.2024
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидасының 19 тармағында жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайтыны көрсетілген. Егер, Сіз жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден 50% төмен нәтиже алған болсаңыз, осы Қағиданың 21 тармағына сәйкес «Б» корпусының лауазымына үміткері ретінде алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін қайта тестілеуге жазылып, тапсырсаңыз болады. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсырады.