Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі

«Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Ә.Әлімхан жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 14
  • Жауаптар: 14
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 18:00

Садыкова Диана 19.04.2024, Сұрақ нөмірі: 12857

  • 0

Мен мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген кезде маған сынақ мерзімі белгіленіп тәлімгерлер бекітілді. Осы мемлекеттік органда 1,5 ай жұмыс істеп жүріп басқа мемлекеттік органға конкурс арқылы кірген кезде маған қайтадан 3 айға сынақ мерзімі белгіленіп тәлімгер бекітілді. Не себептен сынақ мерзімін жалғастырса болмайды?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.04.2024

Қайрлы күн, Динара. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімі үш айды құрайды. Заңның 20-бабының 3-1-тармағына сәйкес, сынақ мерзімінен өтіп жатқан азаматты функционалдық міндеттерін өзгертпей басқа лауазымға тағайындаған кезде оның сынақ мерзімі жалғасады. Өзге функционалдық міндеттері бар лауазымға тағайындалған жағдайда жаңа сынақ мерзімі белгіленеді. Сіз сынақ мерзіміңіз (үш ай) аяқталмай, конкурс арқылы басқа мемлекеттік органға орналастыңыз. Бұл жағдайда, алдыңғы жұмыс орныңызда сынақ мерзімі аяқталмай жұмыстан шығуыңызға байланысты, заңнама талаптарына сәйкес, Сіздің екінші жұмыс орныңызда сынақ мерзімін белгілеу туралы талаптар қолданылған.