Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

Ысқақ Асхат 19.04.2024, 15:10, Сұрақ нөмірі: 12864

  • 0

Мемлекеттік қызметке тест тапсыруға өтінім беріп, алайда дұрыс емес бағдарламаны қателесіп таңдаған жағдайда қандай әрекет жасау қажет?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 15:30

«Б» корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды. Бұл ретте, Заңнамада тест тапсыратын күні немесе тапсыру кезінде бағдарламаны өзгерту көзделмеген. Қате таңдалған бағдарламаны өзгерту үшін Сіз «Egov» порталы арқылы қайталама түрде өтінім беріп, қажетті бағдарламаны таңдап, жазбаңызды басқа күнге ауыстыра аласыз.