Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

ЕРІМБЕТОВ ТАЛАНТ 19.04.2024, 15:14, Сұрақ нөмірі: 12865

  • 0

Алынбаған тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік органға ауысқан жағдайда тәртіптік жазасы күшінде қалады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 15:26

«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтен шыққан күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза оның мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған күнінен бастап алынған болып саналады