Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

АБАТ ОЛЖАС 19.04.2024, 15:17, Сұрақ нөмірі: 12866

  • 0

Жас мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға жеңілдіктер мен бағдарламалар қарастырылған ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 15:30

Мемлекеттiк қызметшiлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалатын тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етіледi.