Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 17:00
ТАШПАКОВА КУНДЫЗ 19.04.2024, 15:24, Сұрақ нөмірі: 12867
Мемлекеттік органда төменгі лауазымда қызмет жасайтын мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда жоғары тұрған лауазым босаған жағдайда, аталған бос лауазымға конкурс өткізілместен орналасуына қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 15:34
«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына сәйкес: 1)мемлекеттік органдардың ішінде тең дәрежелі лауазымға; 2)мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға орналаса алады. Алайда, мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде, оның «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасуына жол бермейді. Жоғарыда атаған талаптарға сай келетін болсаңыз конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен бос тұрған жоғары лауазымға орналаса аласыз.