Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

БАЙМҰРАТ АҚТІЛЕУ 19.04.2024, 15:26, Сұрақ нөмірі: 12868

  • 0

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалып, бірақ белгіленген сынақ мерзімі аяқталмай, басқа әкімшілік қызметке ауысқан жағдайда сынақ мерзімінің кезеңі жалғаса береді ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 15:34

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сынақ мерзімінен өтіп жатқан азаматты функционалдық міндеттерін өзгертпей басқа лауазымға тағайындаған кезде оның сынақ мерзімі жалғасады. Ал, өзге функционалдық міндеттері бар лауазымға тағайындалған жағдайда жаңа сынақ мерзімі белгіленеді.