Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

Молдахмет Қуаныш 19.04.2024, 16:09, Сұрақ нөмірі: 12871

  • 0

Саламатсыз ба! Мемлекеттік қызметтен босатылған соң қайта мемлекеттік қызметке тестілеусіз қанша уақытта орналасуға болады. Мысалы мен 2024 жылдың 10 ақпанда негізгі қызметкердің жұмысқа түсуіне орай жұмыстан босатылғанмын. Енді мен тестсіз қайта орналаса аламын ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:28

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 27-бабының 8-тармағына сәйкес адам, теріс себептер бойынша немесе олардың қызметін бағалау нәтижелері, сынақ мерзімі не аттестаттау қорытындылары бойынша шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде конкурс қорытындылары бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа және сайлауға тестілеуден өтпей-ақ қатысуға құқылы, егер ол мемлекеттік органдар болып табылмайтын өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпаса. Мұндай жағдайларда осы тұлғаға міндетті арнайы тексеруден өту және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету туралы талаптар қолданылмайды. Бұл ретте ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан босатылған адам ғана қатысуға құқылы.