Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

Таспан Ербосын 19.04.2024, 16:11, Сұрақ нөмірі: 12872

  • 0

Өңірлік кадр резервтің 2-ші кезеңнің қорытындысы бойынша алынған балл сандары 3-ші кезеңге өту үшін әсер етеме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:22

Өңірлік кадр резервінің 2-ші кезеңі «Қазақстан Республикасының заңнамасын» білуге арналған тестілеудің нәтижесі 3-ші кезеңі «Жеке қасиеттерді бағалау» кезеңіне әсер етпейді. Анықтама ретінде: Өңірлік кадр резервіне іріктеудің үлгілік тәртібіне сәйкес тестілеудің екінші блогы - жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге заңнаманы білуге тестілеуді ең жоғары баллмен тапсырған кандидаттардың 50% - ы өтеді.