Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

Каратаев Жасулан 19.04.2024, 16:13, Сұрақ нөмірі: 12874

  • 0

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орынын бітірген GPA -3,3-тен жоғары азаматтар (ша) қанша жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:23

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тұра алады.