Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

АБДЫКАЛЫКОВ ЖУБАТХАН 19.04.2024, 16:14, Сұрақ нөмірі: 12876

  • 0

Мемлекеттік қызметші еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жұмыс қа шақырылуы мүмкін бе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:24

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабының 4-тармағына сәйкес шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн. Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.