Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 17:00
Тауекел Ибрагим 19.04.2024, 16:16, Сұрақ нөмірі: 12878
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқуға арналған конкурсқа қатысуға қандай тұлғалар құқылы?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:24
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысында белгіленген тәртіппен зейнеткерлік жастан аспайтын, сондай-ақ мемлекеттік органда тұрақты штаттық лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.