Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 19.04.2024, 09:00
  • 19.04.2024, 17:00

Шертекова Жадра 19.04.2024, 16:19, Сұрақ нөмірі: 12879

  • 0

Сәлеметсізбе? Мемлекеттік қызметші тәртіптік терiс қылық туралы түсініктемені неше күнде ұсынады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:49

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 "Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы" Қағидалардың 33 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші талап етілген күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде түсініктемені ұсынады