Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 17:00
Бөлебай Дулат 19.04.2024, 16:31, Сұрақ нөмірі: 12880
Мемлекеттік қызметтен қысқарту туралы айтып бере аласызба
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:34
Әрбір мемлекеттік орган жеткізілген лимит шегінде мемлекеттік қызметшілердің нақты лауазымдарын қысқарту жөнінде дербес шешім қабылдайды. Бұл ретте Еңбек кодексінде қызметкерлер саны немесе штат қысқарған кезде жұмыстан шығарылуға жатпайтын адамдардың жекелеген санаттары айқындалған. Осылайша, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз жұмыскерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді (53-баптың 1-тармағы). Сондай-ақ жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді (54-баптың 2-тармағы). Бұл ретте "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 56-бабының 4-тармағына сәйкес штат саны қысқартылған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл Мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.