Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 17:00
Сәдуова Қарлығаш 19.04.2024, 16:32, Сұрақ нөмірі: 12881
Мемлекеттік қызметте қашықтықтан жұмыс жасауға болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:34
Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес еңбек тәртіптемесінің қағидаларын жұмыс беруші бекітеді. Еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді. Сондай ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 32-бабымен мемлекеттік органдар бекітетін мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидалары жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін белгілейді. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер тұрақты түрде онлайн, яғни қашықтықтан жұмыстеу мүмкүндігін мемлекеттік органның басшылығымен (жұмыс беруші) шешіледі және мемлекеттік органның еңбек тәртіптемесі қағидаларында көзделу мүмкін.